«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА – 15 МЕДАЛЬ

26-27 ақпан күндері Қарағандыда есту кемістігі бар спортшылар арасында жеңіл атлетикадан қысқы ел біріншілігі өтті. Бұл бәсекеде 14 солтүстікқазақстандық жеңілатлет бақ сынады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Марат Шынтеміровтің айтуынша, тартысты жарыста өңір құрамасы 15 медаль еншілеген. Атап айтқанда,Анастасия Соловьева, Татьяна Терехова, Павел Швидунов, Рахат Табулов, Владислав Чечета, Алина Смешникова, Андрей Фефелов сияқты жеңілатлеттер жүлдегерлер қатарынан көрінген. Бұдан бөлек, 4х400 метрлік эстафета сайысында  әйелдер құрамасы үздік атанса, 4х200 метрлік аралас эстафетада спортшыларымыз екінші орыннан көрінді.

 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp