Өскемен қаласында шорт-тректен ел біріншілігі аяқталды.
Жарыста өңір намысын қорғаған Кирилл Абишев 500 метрлік жекелей сында үздік үштікті түйіндеді. Ал аталмыш қашықтықтағы эстафета сайысында Никита Тесля, Максим Саенко және Кирилл Тутов үшінші орынға табан тіреді.
БАУЫРЖАН — ЖЕҢІМПАЗ
Семей қаласында 23 жастағы жастар арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық балуан Бауыржан Мусин 87 килограмм салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Тағы бір жерлесіміз Исмаил Исмаилов 67 килограмм салмақта үшінші болды.
БОКСШЫ ҚЫЗДАР ЖҮЛДЕЛІ
Солтүстікқазақстандық боксшы қыздар Екібастұз қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирден жүлделі оралды.
Турнирде Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің тәрбиеленушісі Мәдина Бауыржан қола медальға ие болды және спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
Қазіргі уақытта спорт мектебінің тәрбиеленушілері жазда Тараз қаласында оқушылар арасында өтетін республикалық спартакиадаға дайындалуда.
Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.