Петропавлда ITF таэквондодан “Петропавл кубогы” атты ашық облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Сайысқа еліміздің 10 қаласынан және Ресейдің Новосібір мен Омбы шаһарларынан 300-ден астам спортшы қатысты.
Аталмыш додада солтүстікқазақстандықтар әртүрлі дәрежедегі 18 медальға ие болды. 6-7 жастағылар арасында Эрик Доценко (“спарринг”, 22 кг.), Таисия Малыгина (“спарринг”, 20 кг.) және Альбина Хабибулина (“спарринг”, 22 кг.) алтыннан алқа тағынды.
(Өз тілшіміз).