«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА – 22 МЕДАЛЬ

Ресей Федерациясының Барнаул қаласында кекушинкай каратэден XVIII Еуразия кубогы өтті. Аталмыш жарыста еліміздің және Ресей Федерациясының 7 және 17, 18 және одан жоғары жас аралығындағы мыңға жуық спортшысы бақ сынасты. 

Дүбірлі дода барысында Қазақстанның намысын 390 каратэші қорғады. Солардың ішінде 87 спортшы – жерлестеріміз. Бәсі биік жарыстың жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша ел құрамасы 31 алтын, 36 күміс және 53 қола медальді олжалап, бірінші орынның иегері атанды. Ал өңіріміздің каратэшілері барлығы 22 медальді қанжығаларына байлап қайтты. Олардың 4-уі – алтын, 8-і – күміс және 10-ы – қола. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp