Петропавлда кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған “Қызылжар” республикалық сайысы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 55 кикбоксшы қатысып, 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Жарыс барысында “Лоукик” жүйесі бойынша сайысқан қыздар арасында Зайра Қасиянова (60 кг., СҚО), Шара Хамзина (70 кг., Павлодар қ.), Жансұлу Қаржауова (70+ кг., СҚО), “К-1” жүйесі бойынша ерлер арасында Жандос Опабеков (51 кг., СҚО), Аслан Асылбеков (57 кг., СҚО), Бахтияр Мұратбек (63,5 кг., СҚО), Айдар Жүнісбаев (71 кг., СҚО), Евгений Зимин (81 кг., СҚО), “Фулл-контакт” жүйесі бойынша Данияр Жарасов (54 кг., СҚО), Мадияр Жұмағұлов (60 кг., СҚО), Дидар Төлебаев (67 кг., Қостанай қ.), Мәди Тоқтаров (75 кг., Қостанай қ.), Нұрсұлтан Жақыпов (81+ кг., СҚО) жеңімпаз атанды.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.