«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЫҚТАҒЫ АҢШЫЛЫҚ

Үш петропавлдық аңшы түз тағыларын өсірумен айналысатын «Красный бор» мемлекеттік мекемесінің аумағында ұсталды.

«Тойота Ланд Крузер» машинасын мінген браконьерлер  түн қараңғылығын пайдаланып, алты бірдей маралды атып алған. Осылайша мемлекетке 4 млн. теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген. Заңсыз аң аулағандардың автокөлігі және екі мылтық тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалып отыр.

Жыл басынан бері облыс аумағында осындай 600-ден астам заң бұзушылық анықталып,  76 қылмыстық іс тіркелген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp