«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Қор­ғансыздың күні» шы­ғармасы сахналанды. Қойылымында баласы­нан айырылған ананың, күйеуінен айырылған әйелдің, әкесінен айы­рылған қаршадай қыз­дың тағдыры бейнелен­ген.

Туындыда тағдыр тауқыметін тартқан бір отбасының өмірі ар­қылы сол кезеңдегі күллі қазақ­тың басына түскен ауыртпашы­лық сипатталған. Қойылымның басты кейіпкері – 13 жасында ас­қар тауынан айырылған Ғазиза. Шынашақтай жеткіншек адам төзгісіз қиындықты еңсереді. Алайда қатыгездік, жауыздық жан-жақтан талап, бойжеткен әкесінің моласында жан тапсы­рады. Осылай қорғансыздардың азапты өмірі өзгелерді тәу­бешілікке, жақындарды құрмет­теуге шақырғандай.

«Тағдыры ауыр қыздың обра­зын сомдау өзіме оңай тимеді. Дайындық барысында Ғазизаны тағдырына мойынсұнбаған, тіпті, оған қарсылық көрсетуге тал­пынған батыр қыз ретінде таны­дым», – деді актриса Балдырған Бақытжанова.

Спектакльдің режиссері Асылхан Разиев басты кейіпкер Ғазизаның рөліне әртіс таңдауда қиналғанын айтты. Өткен ғасыр­дың басында жарық көрген Мұ­хаңның бұл әңгімесінің көлемі шағын болғанымен, ауқымы кең, қуаты зор, күні бүгінге дейін оқырманның жүрегін қарып, көкірегін қарс айыратын траге­дия.

– 2023 жылы Мәскеудегі «ГИ­ТИС – мастер-класс» атты фес­тивальге Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттерін апарып, «Қорғансыздың күнін» сахналадық. Сол кезден бастап бұл шығарма ойда жүрді. Қойы­лымды көрерменге ұсынуға екі айға жуық уақыт кетті, – деді Асылхан Разиев.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp