Петропавлда Зауралье халықтары Ассамблеясы мен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы достық пен ынтымақтастықтың тоғысқан жылына арналған «Зауралье халықтары Ассамблеясының күні» ақпараттық-гуманитарлық акциясы өтті.
Зауралье халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы В. Умимцева бастаған Қорған делегациясы Достық үйінде болды.
Сонымен қатар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының студенттері мен оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның келесі кезеңінде бірден екі кездесу өтті.
Олардың бірі – Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының «Әл-Фараби мектеп – лицейі» КММ оқушыларымен кездесуі. Оқушылар қонақтарды әсерлі концерттік бағдарламамен, сонымен қатар мектеп бойынша қызықты экскурсиямен қарсы алды.
Сонымен қатар бейнелеу өнері мұражайында Ресей Суретшілер одағының мүшесі О. Луцконың жеке көрмесі және Петропавл қаласының көркемсурет мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Оған қатысушылар бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптан өтуге мүмкіндік алды.
https://assembly.kz