Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметкерлері Жаңа жылды мейрамханада тойлаудан бас тартып, оның орнына №13 орта мектепте “Балаларға қуаныш сыйла” қайырымдылық акциясын өткізді.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдері он алты оқушыны “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдады. Олар балаларға салтанатты түрде көгілдір галстук тағып, оқуларында табыс тіледі.
Жақсы оқулары мен қоғамдық өмірдегі табыстары үшін жасұландықтар құлаққаптар, блокноттар, ұялы телефондарға арналған тұтқалар мен аксессуарлар сияқты сыйлықтарға ие болды. Мектепке көмек ретінде қор ұжымының қаражаты есебінен кәсіби микрофондар, жылжымалы проектор және микрофонға арналған тіреуіш сатып алынды.
Бұл мектепте тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар да білім алады. Мектеп қабырғасында өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүрген балалар әсіресе ән айтқанды ұнатады. Сол себепті қор қызметкерлері мектеп әкімшілігімен кеңескеннен кейін кәсіби құрал-жабдықтарды сыйға тарту керек деп шешті.