«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОР ҚҰНДЫ ӘДЕБИЕТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты.

Әр тоқсан сайын дәстүр бойынша кітапханада жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасалады. Кітапхана қорына түскен жаңа туындыларды насихаттау және оған оқырмандардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған шарада кәсіпкерлік негіздері, маркетинг, менеджмент, психология, экономика салаларына қатысты жаңа кітаптар мен көркем әдебиеттер ұсынылды. Мемлекеттік тапсырыс аясында түскен және жазушылардың сыйға тарту еткен туындыларынан бөлек, оқырмандар мен қонақтардың да кітаптары қорды толықтырғанын айтып өткен жөн. Жалпы, саны 300-ден астам кітап оқырмандардың назарына ұсынылды.
Қазір “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа кітаптар түсуде. Бүгінде қазақ тілінде көркем әдебиет қоры бай. Сонымен қатар, Роберт Кийосаки, Брайан Трейси, Стивен Кови сияқты әлемдік деңгейдегі авторлардың жазған бизнес бойынша көркем туындылары да әдебиет қорын толықтырды. Әлем және Қазақстан тарихы, өнер мен ескерткіштер туралы, танымал тұлғалардың өмірінен сыр шертетін шығармалар құнды. Әлемдік әдебиет залына арналған жаңа сөздіктер жинағы, Олег Рой, Елена Звездная, Янина Логвин сияқты танымал адамдардың әдеби туындылары оқырмандардың қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Елена СКАКУНОВА,
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап
кітапхананың іс-шаралар ұйымдастырушысы.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp