«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСЫМША ЖЕҢІЛДІКТЕР

Облыстық Салық департаменті тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында “Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 ақпандағы №75 Заңымен Еңбек кодексі “Жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алған қызметкерлерге демалысқа ақы төлеу ерекшеліктері” 194-1-бабымен толықтырылғанын хабарлайды.

Егер ол еңбек және/немесе ұжымдық шарттың талаптарымен, жұмыс берушінің актісімен қарастырылған болса, жүктілігіне және босануына, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда жұмыс беруші жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алған қызметкерлерге әлеуметтік төлем сомасына кемітілген жүктілігі және босануы жөніндегі демалысын, орташа еңбекақысын сақтай отырып, кезекті еңбек демалысын төлейді.

Еңбек кодексінің 284-бабына сәйкес аталмыш норма ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымына енгізілуі тиіс.

Осыған байланысты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 156-бабының 26-1) тармақшасына сәйкес салық салуға жататын жеке тұлғаның табыстарынан міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және табыстың есептелінген күнінде қолданылған еңбекақының ең төменгі көлемі шеңберіндегі әлеуметтік төлем сомасына кемітілген жұмыс берушінің жүктілігі және босану жөніндегі демалысқа, жаңа туған сәбиді (баланы) асырап алған қызметкерлерге демалысқа төлем жасау шығындары түріндегі табыстар шығарылып тасталады.

Бұл ретте салық салудан босату жөніндегі ереже, егер ол еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарымен, жұмыс берушінің актісімен қарастырылған жағдайда қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp