Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонное ауылында 2009 жылдан бері жұмыс істейтін “Бәйтерек” шағын орталығы жақында қайта жаңартудан өтіп, жаңа бір топпен толықты. Осыған орай, елді мекенде салтанатты шара өтті.
Мекеменің қайта ашылу салтанатына қатысып, лента қию рәсімін жүргізген аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Э.Қарабаева, Червонное ауылдық округінің әкімі О.Маханько бүлдіршіндерді құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. Орталықтың ашылғанына, әсіресе, ата-аналар дән риза, себебі, енді балалары толық күндерін осы мекемеде өткізе алады.
Қайта жаңарту жұмыстарын “Червонное-Агро” ЖШС өз қаражаты есебінен жүргізген. Қосымша құрылған топ үшін шағын орталықта бөлек жатын бөлме, ойын алаңы жасалды.
Гүлбаршын САТЫБАЛДИНА.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.