«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қос алыптың шоуы

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты әлем чемпионы Майк Тайсон мен жартылай ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы кіші Рой Джонс арасындағы кездесу кейінге шегерілді.

Аты аңызға айналған әйгілі боксшылар арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния штатын­да төрешілерсіз өтетін болып ше­шілген-ді. Шоудың негізгі ере­желеріне сәйкес, қос боксшы 8 раунд бас киімсіз, 12 унциялық қолғаппен жұдырықтасуға уағ­да­ласқан. Алайда, қан шыққан жағдайда бокс тоқтатылуы тиіс еді.

Жуырда Майк Тайсон әлеу­мет­тік желідегі жеке парақ­ша­сында кездесудің кейінге шеге­рілгенін хабарлады. Енді кездесу 28 қарашаға жоспарла­нып отыр. БАҚ-тың хабарла­уын­ша, ұсынысты Майк Тай­сонның командасы жасаған екен. Алдын ала болжам бо­йын­ша, бұл қадам спортшы­ларға қосымша табыс әкелуі мүмкін. Бұл болжаммен кіші Рой Джонстың командасы да келісіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp