«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС АҚҚУ

Қос аққу келтіреді көлдің сәнін

Қатар жүзіп айдынын қиқулатса,

Бәйшешек келтіреді жердің сәнін,

Айналаны әдемілікпен бір құлпыртса,
Қос жүрек – домбыраның қос пернесі,
Бірінсіз шықпайды ғой жақсы үні,

Қос арман ақ шамдай боп жарқыраса,
Ашық болар аспаны, арай күні.
Көп тілек айтылар-ау осы кеште,
Бала кез, дос-құрбылар түседі еске,
Жолдарын тауып қазір кетіп жатыр,
Бақыт тілейін бәріңе, осы көпке,
“Бақытты бол” –, дей бергенде алдымда 

Асуы биік тау тұрады,

Алаулаған таң тұрады,

Дақ шалмаған ар тұрады,
Бір-бірінсіз аттап, аяқ баспайтын
Жүрек бірге, арман бірге жан тұрады.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp