«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН

Көктем келіп, күн жылынса, велосипед ұрлығы белең алады. Жуырда 31 жасар петропавлдықтың қос доңғалақты көлігі қолды болды. Ол азық-түлік сатып алуға мініп барып, Интернациональная көшесіндегі өз үйінің подъезінің алдына троспен байлап қойған «MSEP» велосипедінің жоғалғанын байқаған. Келтірілген шығын – 48 мың теңге. Бұдан соң іле-шала белгісіз қылмыскер Ишимский көшесі бойындағы жеке меншік үйдің қорасының құлпын бұзып, дәл осындай басқа велосипедті қолды қылған. Бұл жолы полицейлер ізін суытпай, күдіктінің соңына түсті. Ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1981 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ол ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған велосипедтер кездейсоқ адамдарға 10 және 11 мың теңгеге сатылып кеткен. Мүлік иелеріне қайтарылады.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Пётр Климов тұрғындарға арзанға қызықпауға кеңес беріп, ұрланған мүлік ешқандай өтемақысысыз тәркіленетінін еске салады.
Жыл басынан бері өңірімізде 19 велосипед ұрлығы тіркеліп, 13-і ашылды.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp