«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ЖЕҢІЛІС

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі шеңберінде “Құлагер” хоккей командасы өз алаңында елордалық “Номадпен” кездесті.

Спорт сарайында өткен кездесудің алғашқы ойынында астаналық хоккейшілер басымдық танытып, қақпамызға қатарынан екі шайба салды. Жерлестеріміз ойынның тек соңғы бөлігінде ғана белсенді қимылдап, шабуылшы Ильгиз Нуриев есеп айырмасын қысқарта алды.

Келесі күнгі қарымта кездесуде құлагерлік хоккейші Виктор Луговской есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда, бұл қуаныш көпке созылған жоқ. Алты минуттан соң қақпашымыз Андрей Янков Никита Клещенконың нысананы дәл көздеп соққан шайбасын өткізіп алды. Бұдан соң шабуылшы Денис Стасюк жерлестерімізді алға шығарғанымен, қарсылас ойыншылар Валерий Гурин мен Дмитрий Преснов қақпамызға тағы екі шайба тоғытты. Ал соңғы минуттарда барын салып ойнаған құлагерлік Максим Томкин астаналық ұжымның шабуылдарына тойтарыс беріп, таразы басын теңестірді. Кездесу тең аяқталған соң овертайм жарияланып, онда да нәтиже болмады. Ал буллиттер сериясында номадтықтардың жолы болып, жерлес команданы 3:4 есебімен жеңді.

Бүгінде 91 ұпайы бар құлагерліктер турнир кестесінде төртінші орнын сақтап қалды. Енді олар 22-23 ақпан күндері сырт алаңда өскемендік “Алтай-Торпедо” командасымен кездеседі.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp