Астанадағы “Сарыарқа” кешенінде велотректен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде үш жүзден астам велоспортшы сынға түсті.
Сайыс барысында ұлттық біріншіліктің басты фавориттерінің бірі – “Astana” командасында өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Артем Захаров қос бірдей алтын медальды қанжығасына байлады. Атап айтар болсақ, ерлер арасында сынға түскен қызылжарлық саңлақ төрт шақырымдық жекелей сында және 160 айналымдық топтық кезеңде көш бастады. Тағы бір жерлесіміз Алина Сарқұлова әйелдер арасындағы скрэтч кезеңінде ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Жерлес шабандоз желтоқсан айында Германияның Берлин қаласында өтетін әлем кубогында сайысқа түсетін болады.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.