«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Теңіз кезбелері” және “Туған үйің” атты екі көрме өтуде. Облыс тұрғындары Юрий Романов пен Виктор Тюрин жасаған кеме модельдері көрмеге қойылған, олар осы шеберлікті бала кездерінен бері серік етіп келеді.

“Туған үйің” атты екінші көрмеде жеке жинақтағы ескі жиһаздар жұрт назарына ұсынылған. Мүлік иесі Лидия Члектің айтуынша, бұл дүниелер 19 ғасырдың соңына қарай жасалған. Ағаштан ойылған рамаға салынған айна, орындықтар, сағаттар және басқа да тұрмыстық мүліктер мұражайға қойылған. Бұл заттар Лидия Члектің ұлы әжесінен қалған. Орындықтың бірі әжесінің 1892 жылы тойына сыйға берілген екен. Осы орындық жиһаздар жинауға себепші болыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp