«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС САҢЛАҚ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Петропавлдық спортсүйер қауым “ITF” бойынша таэквондодан әлем чемпионы Илья Хван мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен әлем біріншілігінің қола медаль иегері Алпамыс Дастанды темір жол вокзалында қошеметпен қарсы алды.

Бұған дейін облыстық және ел біріншіліктерінде оза шауып, жүлделі орындардан көрініп жүрген ұлымның халықаралық додаларда сынға түсіп, ел намысын абыроймен қорғайтындығына сенімді болған едім. Ең бастысы, жаттығулар барысында шелектеп тер төккен Илья бапкерлерінің артқан сенімін ақтады. Нәтижесінде ел құрамасы спорттың бұл түрінен әлемдегі ең үздік ондықтың қатарына қосылды, – дейді спортшының әкесі әрі жаттықтырушысы Владимир Хван.

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, 17 жастағы Алпамыс Дастан да өзінің жетістігіне қуанышты. Себебі, бүгінгі әлем біріншілігіндегі қола медалі – Алпамыстың спорттық мансабындағы ең ірі жеңісі.

Бәсі биік дода Боснияның Герцеговина қаласында өтті. Бұл жарыста мен Ресей, Румыния және Өзбекстан елдерінің спортшыларымен күрестім. Ал үшінші орын үшін кездесуде жапондық балуанды тізе бүктірдім, – дейді Алпамыс Дастан.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp