Өскемен қаласында Қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті, деп хабарлады облыстық Қаржы полициясының баспасөз қызметі. Спорттық шараға жергілікті полицейлерден бөлек Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының Қаржы полициясының аумақтық органдарының қызметкерлері қатысқан.
Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер жалпыкомандалық есепте жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ, жекелей сында жерлес қаржы полицейлері үш мәрте бірінші, үш мәрте екінші және үш мәрте үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.