Бүгін Петропавлда қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтіп жатыр.
Қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жылсайынғы дәстүрлі жиын барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасының және қоғамды әлеуметттік модернизациялауға бағытталған басқа да жобалардың жүзеге асырылуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс барысы талқыланады. Форум бағдарламасы бойынша қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері кәсіпорындардың ұжымдарымен кездеседі, медиация және әлеуметтік желілердегі PR-технологиялар бойынша тренингтер, қала бойынша экскурсиялар қарастырылған.
Қоғамдық келісім кеңестері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылы барлық өңірлерде құрылған болатын. Қазіргі күні облыс, қала, аудан, ауылдық округтер мен ірі кәсіпорындар деңгейінде 3 мыңнан астам кеңес жұмыс істеуде.