«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарындағы елді мекендерді абаттандыру мәселесі қаралды. 

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Аман Қабдөштің айтуына қарағанда, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі Булаев қаласын абаттандыру үшін 100 млн. теңгеден астам қаржы бөліп, сапалы жұмыс жүргізген. Ал облыс орталығының іргесінде орналасқан Қызылжар ауданы аталған жұмысқа 40 млн. теңдегей қаржы жұмсаған. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Қызылжар ауданында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасы сын көтермейтінін ашық айтты. Аудандағы өзге елді мекендер түгілі, Бескөл ауылының келбеті көңіл көншітпейді. Отырыс барысында Айыртау ауданындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту мәселесі де қаралды. Қоғамдық кеңестің мүшесі Олег Иванов бірнеше ауылды аралап, жолдың жайын бағамдаған. Мәселен, «Антоновка-Лавровка-Горное» бағыты бойынша жолдарды қалпына келтіру жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Десек те, жөнделген жолдар құрылыс материалдарын тасымалдаған кезде қайтадан бұрынғы қалпына түсуде. Осы орайда бұл мәселеге баса назар аудару керектігі айтылды. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp