«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХХХХІ сессиясы болып, онда облысымыздың Қоғамдық кеңесі туралы ереже және осы консультативтік-кеңесші, байқаушы органның конкурстық негізде іріктелген құрамы бекітілді.

21 адамнан құрылған Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында өңірге танымал тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік қызметшілер бар. Оның төрағасы болып облыстық мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов сайланды.

Сондай-ақ, сессияда бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары болған жерлесіміз, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы Абай Тасболатовқа “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы шешім қабылданды.

(Өз тілшіміз). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp