«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Петропавлда 9-ші бағыттағы автобустың қатары толықты. Осыдан бірнеше күн бұрын 4 бірдей қоғамдық көлік қолданысқа берілді. Ресейде жасалған әр темір тұлпардың құны 21 млн теңгені құрайды.

Юрий Зайцев автобус жүргізушісі болып жұмыс жасап жүргеніне 15 жыл болып қалыпты. Бұл уақыт аралығында азамат түрлі қоғамдық көлікті тізгіндеп үлгерген.Жаңаның аты жаңа ғой. Мұндағы құрылғыларға көңілім толады. Барлығы заманауи. Панельді де ыңғайлы етіп жасаған. Тетіктердің бәрі көз алдымда», — дейді Юрий Зайцев.

Бұған қоса, автобус салонында бейнебақылау камерасы орнатылған. Көлік іші қосалқы пешпен жабдықталған.  Әрі іші де кең. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арбасын қоятын арнайы орын қарастырылған. «СҚО Автокөлiк одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, Түмен қаласында шығарылатын бұл қоғамдық көліктер солтүстіктің қатты аязына лайықталып жасалған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp