Петропавлда Қарттар күні зейнеткерлер қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жүреді.
«СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығы дәстүрлі акцияны биыл да жүзеге асырмақ. Жолаушылар тасымалдайтын компаниялардың басшылары Қарттар күніне орай зейнеткерлерге жеңілдік жасап, Петропавлдағы қоғамдық көлікті олар үшін тегін етпек. «Қайырымдылық шарасын он жыл қатарынан өткізіп келеміз. Тұрғындар бұл күні зейнет куәлігін көрсеткен жағдайда жолақы төлемейді. Қазір алдын ала автобус жүргізушілеріне түсіндіріп, айтып жатырмыз. Өйткені кейбірі түсіністік танытқысы келмейді. Жалпы әдетте бұл күні жолаушыларымыздың саны еселеп артады. Зейнеткерлер қоғамдық көлік тегін болғандықтан ауруханаға барып, басқа да жұмыстарын бітіріп алғысы келеді», – дейді «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында қоғамдық көліктер 24 бағыт бойынша жүреді. Жолаушылар тасымалына 280 автобус тартылған.
www.inform.kz
Сурет https://pkzsk.info сайтынан алынды.