«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

Солтүстік Қазақстан облысының іскер əйелдер қауымдастығы “Мерейлі отбасы” мемлекеттік əлеуметтік жобасы жəне “Қоғамдағы қазақстандық отбасының имиджі” шарасының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. 

Отбасы беделін арттыру, жас ұрпақ арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілген бұл жобалар аясында биыл 69 отбасымен жұмыс жүргізілген. Түрлі шарада табысқа қол жеткізген жəне отбасы бақытына бөленіп отырған үлгілі шаңырақтар арасынан ең үздік деп танылған Мұхамедьяровтар əулеті “Мерейлі отбасы” байқауына қатысқан.
Іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сəмиеваның айтуынша, соңғы уақытта отбасылар арасында көпбалалы болуға ұмтылғандар саны артқан. Биылғы конкурсқа қатысқандардың арасында кубалық ерлі-зайыптылар да бар екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp