«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Елбасының биылғы жылғы Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан жасақталған ақпараттық-насихат тобының тарихи маңызы зор құжаттың мән-маңызын алдымен өңіріміздің жастары арасында түсіндіруді мақсат тұтуларының да өзіндік себебі бар.

Халық қалаулылары Абай Тасболатов, Шафхат Өтемісов, Юрий Тимощенко, Иван Клименко мен Михаил Чирков биылғы Жолдаудың, әсіресе, жастарға үлкен сенім жүктейтінін атап көрсетті. Өйткені, елдің тұрақты дамуына, мемлекеттің барлық саласына, жаңа тех­нологиялық-иннова­ция­лық да­муымызға серпін беретін де – осы жастар.

Абай Бөлекбайұлы атап өткендей, еліміз үшінші жаң­ғыруға қадам басып отыр. Мем­лекет басшысы мән беріп отырған басымдықтар мен ба­ғыт­тардың бәрі де халық үшін маңызды. Сондықтан халық қалаулысы Жолдаудағы білім, тіл, тех­нологиялық даму мәселе­леріне қатысты өзінің ойларын ортаға салды. Әсіресе, ағылшын тілін меңгеру уақыт талабына айналып отырғанын айтты. Сондай-ақ, бүгінгідей ғылым мен техниканың дамыған заманында жаңа инновациялық стартаптарды меңгеру, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, технологияның соңғы жаңалықтарынан хабардар болу – Қазақстан жастары үшін қажеттілікке айналуы тиіс.

Депутаттар билік құры­лы­мындағы өкілеттікті бөлу мәселесіне орай туын­даған конституциялық өзге­ріске байланысты да дәйек­ті түсініктеме жасады. Жа­һандану үрдісінен қалыспай, заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, қоғаммен ұштастыра алатын жастарды жаңа тұрпатты кезеңге сай білім беріп, тәрбиелеу ұстаздар алдындағы ұлы жауапкершілік екенін еске салып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерді жұмылдырып, бірге атқаруға шақырды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp