«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНА ҚАРСЫ АЛАМЫЗ

Бір кездері өзі білім алған орта мектептің қазіргі жағдайына алаңдаған Шал ақын ауданы Жаңасу негізгі мектебінің мұғалімі Самал Ибраева өз хатында кезінде 11 жылдық болған үлкен білім ордасы ауылдықтардың жаппай қалаға көшуі салдарынан орталау, одан бастауыш мектеп деңгейіне түскенін жазыпты. Биылғы оқу жылында мектепті мүлдем жауып тастау мәселесі қозғалған.

Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысынан үш отбасының көшіп келуі ауылдық мектепті жабылудан сақтап қалыпты. Бала санының көбеюіне байланысты мектеп жанындағы “Болашақ” шағын орталығының да тынысы ашылып, жұмыс кестесі толық күнге ауыстырылған. “Ауылдағы жалғыз мәдени орын болып табылатын мектептің жабылып қалмауы үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келетіндер болса, біз қуана қарсы аламыз”, – дейді ол.

Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж. Базарбаев пен Ж. Хайруллина өздерінің білім ошағында 2-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында “Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен” атты көңілді спорттық жарыстар өткізген.

Жарыс мектеп пен ата-аналар, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау, спортты серік еткен ең үздік отбасыларды анықтау және қатысушылар арасында бір-біріне деген жанашырлық, ынтымақтастық, достық үлгілерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Петропавл қаласы және Шал ақын аудандарынан келген хаттар бойынша әзірленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp