«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН …

“ЕС-164/8 мекемесі” РММ-нің бастығы, әділет подполковнигі Александр Кочкин, бастықтың орынбасары, әділет капитаны Төлеген Жақаев және әділет капитаны Серік Ержанов Айыртау мектеп-интернатының жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде болды. Олар өздері көп жылдан бері қамқорлыққа алған №1 отбасының балаларына арнайы сыйлықтар сыйлады. Ал балалар өз тарапынан қонақтардың алдында өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән салды.

“ЕС-164/8 мекемесі” РММ-і қызметкерлерінің интернат балаларына үнемі жасап отырған қамқорлығына мектеп басшылары, тәрбиешілері мен оқытушылары өте риза болды.

Осыған дейін де Наурыз, Білім күні, Балаларды қорғау күні, Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні, Тәуелсіздік күні, Отбасы күні мейрамдарында интернат балалары “ЕС-164/8 мекемесі” РММ-і қызметкерлерінің назарынан тыс қалып көрген емес.

Мекеме басшысы Александр Кочкин кездесу барысында бұдан әрі де мектеп-интернатпен байланыстарын үзбейтіндерін, тағы да келіп, қолдан келген көмектерін жасап тұратындықтарын айтты. Балалар өздерінің қызықты әңгімелерін ортаға салды. “Қуанса, бала қуансын” деп бекер айтылмаған ғой.

Төлеген ЖАҚАЕВ,

 “ЕС-164/8” мекемесінің қызметкері, әділет капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp