Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінің дене шынықтыру-спорт қоғамы отбасылық үлгідегі балалар ауылының, №1 түзету мектеп-интернатының және жетім балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілері үшін спорт мерекесін ұйымдастырды.
Спорттық байқаулардан кейін кішкентай меймандар жұмбақтар шешіп, шашылған әріптерден сөздер құрастырды. Дартстан өткізілген жарыста ер балалар арасында Денис Крассов пен қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен Лия Нечаеваға “Динамо” логотипі бейнеленген футболкалар берілді.
Мерекеге қатысқан балаларға спорттық құрал-жабдықтар мен тәттілер таратылды.
Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің жетекшісі.