«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Жаздың алғашқы күні қала тұрғындары мен қонақтары Халықаралық балаларды қорғау мерекесін атап өтті. Бұл күні облыс орталығындағы саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық ұлан Әскери институтында да өткен мерекелік шараға әскери оқу орны қызметкерлерінің отбасылары мен қала мектептерінің екі жүзге жақын оқушысы тартылды.

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары түрлі ойындарға қатысты, мульфильмдердің және ертегілердің кейіпкерлері кейпінде жұрт алдына шыққан курсанттардың өнерлерін тамашалады. Осы орайда, сондай-ақ, жас дарын Алена Левинаның орындауындағы әндер де шара қонақтарының көңілінен шықты. Ал қызыққа толы болған күннің соңында барлық жас өрендер “БТР-80”, жол талғамайтын “КамАЗ”, “УРАЛ” және тағы басқа әскери автотехника мен қару-жарақ үлгілері қойылған көрмені тамашалап, білікті әскерилердің қызметі жөнінде мол ақпарат алды.

Руслан ҚАЙЫРКЕНОВ,

Ұлттық ұлан Әскери институтының баспасөз хатшысы.

Суретті түсірген

автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp