«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚУАНЫШ” ҚУАНТАР ЕМЕС

Облыс орталығында волейболдан “А” тобындағы әйелдердің үшінші кіші турының ойындары жалғасуда. Аталмыш сайысқа алты өңірден 6 құрама қатысып, бақ пен баптарын сынауда.  

Дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатында бастау алған турдың алғашқы күнінде алаң иелері – “Қуаныш және К” командасы өскемендік “ШығысҚорғасынҚұрылыс” құрама командасымен кездесті. Барлық ойында да қонақтар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, есепті өз пайдаларына шешіп отырды. Сөйтіп, “ШығысҚорғасынҚұрылыс” құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

“А” тобындағы соңғы екі турдың қорытындысына келер болсақ, 26 ұпайы бар алматылық “Алматиночка-Алматы” топ жарып келеді. Екінші және үшінші орын 22 және 19 ұпайға қол жеткізген “ШығысҚорғасын-Құрылыс” және “Қарағанды” құрамаларының еншісінде. Ал “Қуаныш және К” командасы 9 ұпаймен бесінші орында.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp