Өткен 2014 жыл “СевКазЭнерго” АҚ үшін табысты және оқиғаларға бай болды. Компания тобының кәсіпорындарында жабдықтарды жөндеу, қайта құру мен жаңғырту бойынша барлық жоспарланған шаралар ойдағыдай орындалды. Ал мұндай жұмыстар жүргізбейінше, энергожүйесінің дамуы мүмкін емес. “Шектелген тарифтер” мемлекеттік бағдарламасының қолданысқа енуі арқасында Петропавл 2-ЖЭО станциясын жаңғырту бойынша кең ауқымды іс-шаралар жалғасын табуда. 2016 жылдың соңында жылу-электр орталығының орнатылған қуаты 434-тен 541 МВт дейін көтеріледі деп күтілуде, мысалы ол 2013 жылы 347 МВт ғана болатын. Осы бас кәсіпорыннан қуат жеткізуші “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ және “Петропавл жылу желілері” ЖШС ұйымдары да қалысатын емес. Аталмыш кәсіпорындарда жыл сайын осызаманғы қуат үнемдейтін технологиялар және қуаттың автоматтандырылған есептеу мен бақылау жүйелері енгізіледі. Компания тұтынушылармен өзара іс-қимыл үдерісін жеңілдетуге көп көңіл бөледі, мысалы ашылғанына бір жыл ғана болған “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің жаңартылған Сервис орталығы өзін жақсы қырынан танытып отыр.
Өткен жылдың аяғында Петропавл 2-ЖЭО-да жаңа №8 жылу қазаны агрегаты пайдалануға берілді. Соның арқасында станцияның бу беру қуаты сағатына 270 тоннаға артты, қазандардың жалпы пайдалы әсер коэффициенті 88,98%-ға жетті, ол алдағы уақытта жыл ішінде 3000 тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал, жаңадан жабдықталған күлтұтқыш қондырғылардың пайдалы әсер коэффициенті 99,7%-ға тең. Жобаның құны 5 млрд. теңгеден асады. Бұрындары, атап айтқанда, 2013 жылы станцияда №6 және №7 қазан агрегаттары қайта құрудан өтті, 2015 жылы №12 қазан агрегатын қайта құру жоспарланып отыр.
Жаңғырту бойынша кең ауқымды шараның аясында жаңа жабдықтарды іске қосу Петропавл 2-ЖЭО-да жыл сайын жүргізіледі. Мысалы, 2013 жылдың желтоқсанында станцияда жаңа №4 турбоагрегат жұмысқа қосылды. Ол облыс пен қалаға қосымша 63 МВт электр қуатын және 52,5 Гкал жылу қуатын берді. Соның арқасында жыл ішінде электр қуатын өндіру сағатына 106 млн. кВт-қа артты. Қазандарды іске қосудың нәтижесінде станцияның бу шығару өнімділігінің арта түсуі №1 мен №5 турбоагрегаттарды қолданысқа енгізуге және 2016 жылдың соңына дейін станцияда орнатылған қуатты 541 МВт-ға дейін жеткізеді. №1 турбина қолданысқа 2015 жылдың қазанында енгізіледі, ал оны алмастыру жұмыстары 2-ЖЭО-да басталып кетті. Турбоагрегатты қолданысқа енгізу станцияның қуатын 21 МВт-ға өсіруге мүмкіндік береді. 62 МВт станциясының орнатылған қуатына өсім беретін 5-ші турбинаны алмастыру кейінге жоспарланды. Оны бөлшектеп бұзу жұмыстары басталды.
Әрине, энергетика кешенін жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының зор көлемі мен жоғары қарқыны оған лайықты инвестициялық қаражат бөлінуін талап етеді. Тек шектелген тарифтер бойынша ғана станцияны жаңғыртуға 5 жылдың ішінде 23,8 млрд. теңге бағытталды. “Тарифті инвестицияларға айырбастау” (шектелген тарифтер) Үкімет бағдарламасының ерекшелігі – ол қуат беретін бас кәсіпорын үшін босатылған электр қуатына бағалардың жыл сайынғы белгіленген өсімін қарастырады. Энерго компаниясы шектелген тарифтер бойынша электр қуатын сатқаннан кейін алатын барлық пайдасын тек өндірістік активтерді жаңғыртуға ғана бағыттайды. Бағдарлама қолданылып келген уақытта Петропавл 2-ЖЭО-да жабдықтардың тозу пайызы 22-ге төмендеді. 2016 жылға дейін бұл көрсеткішті 59%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осындай маңызды өзгерістер, сөзсіз, өнім өндірісіне, отын шығындарын азайтуға және қоршаған ортаға станцияның әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, компания қаржыландыру үшін несие қаражаттарын да тартады. 2013 жылы “СевКазЭнерго” АҚ-ы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің арасында 49 млн. АҚШ доллары сомасында қарыздың келісімшарттары жасалған. Оның 40 млн. доллары негізгі жабдықтарды жаңғырту мен жаңартуға, сонымен бірге Петропавл ЖЭО-2-нің экологиялық параметрлерін жақсартуға бағытталған. Ал 9 млн. доллары облыстың электр желілерін жаңғырту мен қайта құру бойынша инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған.
Компанияда электр қуатын тасымалдау мен бөліп таратудың сапасы мен тұрақтылығына да көп көңіл бөлінеді. 2014 жылы “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ-да “Негізгі құралдардың құрылысы, қайта құруы мен жаңғыртуы” инвестициялық бағдарламасының аясында 38 шақырым кабель желілері мен 10/0,4 кВ әуе желілерін қайта құру бойынша жұмыстар атқарылды. 10/0,4 кВ 16 қосымша трансформатор станцияларында үйлестіріп тұратын құрылғылардың жабдығы алмастырылды. Кәсіпорын облыстың 2 қосымша станциясында трансформатор қуатын өсіру жөнінде жұмыстар жүргізді. Петропавл қаласының және облыстың 7 қосымша станциясында жабдықтарын алмастыру мен жаңғырту жүргізілді. Электр қуатының коммерцилық есебінің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) орнату жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 13 мың ЭКЕАЖ құралдары орнатылды.
Компанияның электр желілерін жаңғырту мен қайта құру, бірінші кезекте, жабдықтың тозуын төмендетуге және электр қуатының ысырабын қысқартуға бағытталған. Қуат үнемдеу саясатын басшылыққа алған кәсіпорын тозған және өзінің пайдалану мерзімін тауысқан жабдықты алмастырғанда, қуат үнемдейтін технологияларды құрастыруға иек артады. Әуе желілерін алмастырғанда ӨКОС (Өздігінен көтеретін оқшауланған сым) таңбасындағы сым пайдаланылады. Озат технологиялар компанияның кабель желілерін жаңартуда да қолданылады. Қосымша станциялар мен таратушы орындарда су жаңа автоматтандырылған жабдықтар қойылады. Ол электр қуатының нақты есебі мен бақылауын жүргізуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы республика қалаларында жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңартудың қажеттілігін жиі айтады. Өйткені, республикада жылу жүйелерінің тозуы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. 2014 жылы Петропавл қаласының “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС-де күрделі жөндеудің аясында құбырдың 11,9 шақырымы және басқа да жабдықтары алмастырылды. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы қаражатын игеру барысында Алтынсарин және Абай көшелерінде ұзындығы 2,8 шақырым қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Жоғарыда өткен жылы Сервис орталығының ашылғанын айттық. Оның негізінде Контакт орталығы ашылды. Онда күн сайын компания тұтынушыларынан түсетін қоңыраулар 500-666 көпарналы телефон нөмірі арқылы қабылданады. Орталық қуатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша түскен сұрақтарға жекелеген және жедел ақпараттар береді. 2014 жылы маусым айында “СевКазЭнерго” АҚ-ы ресми сайтында “Жеке кабинет” қосымша бетін ашты. Оның көмегімен тұтынушылар үйлерінен шықпай-ақ қуат тарату ұйымының сервистік қызметтерін пайдалана алады.
Компания үшін 2014 жылғы маңызды оқиғаның бірі – “СевКазЭнерго” АҚ-ның базасында Қазақстан энергетика ардагерлерінің республикалық форумының өткені болды. Онда көптеген маңызды мәселелер талқыланды, атап айтқанда, жалпы республика бойынша энергетикалық жабдықтар тозуының жоғары деңгейі, қоршаған ортаға энергетика өндірісінің кері әсерінің өсуі, елдегі қуат нысандарының резервтік жетіспеушілігі, үздік қуат үнемі технологияларын енгізу және т. б. сөз болды.
“СевКазЭнерго” АҚ-ы алдағы уақытта да ең жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуге талпынады. Облыстың барлық қуат көздері біздің сенімді қолымызда.
Леонид ЛАРИЧЕВ,
“СевКазЭнерго” АҚ-ның бас директоры.