Алимент төлеуден және басқа өтемдердің орнын толтырудан жалтарып жүретіндерді іздестіріп, қол-ға түсіру – облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Жақында басқарма осындай аза-маттардың ізін кесуге арналған облыстық акция өткізді.
Үш күннің ішінде іздестіруде жүрген 48 адам қолға түсті. Олардың 10-ы – алимент тө-леуден жалтарғандар.
Көші-қон полициясы басқар-масының деректері бойынша, өткен жылдардан бері және биыл із жасырып жүрген 169 борышкер тіркеуде тұр. Бұлар-ды қолға түсіру оңай емес. Се-бебі, борышкерлердің тіркел-ген мекенжайы мен нақты тұ-рып жатқан жерлері сәйкеспей-ді. Мәселен, акция барысында 34 жастағы әйел қолға түсті. Ол әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапқа тартылып, айып-пұл төлеуге тиіс-ті. Алайда, Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Петропавл қаласында бой тасалап жүрген.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.