Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, облысымыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің бірінің директорының үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп директоры өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып, “Алғашқы әскери дайындық” пәнінің мұғалімі ретінде азаматша А.-ны қағаз жүзінде жұмысқа қабылдаған. Екі жыл бойы мектепте бой көрсетпеген мұғалімге ай сайын еңбекақы төленіп келген. Бұл қулықтан мемлекетке келтірілген шығын 1 миллион 200 мың теңгені құрады.