Облыстық қуыршақ театрында ресейлік жазушы, журналист, драматург Олжас Жанайдаровтың “Душа подушки” пьесасының негізінде спектакль қойылды.
Қойылымды алғашқылардың бірі болып №7 мектептің оқушылары тамашалады. Спектакльде денсаулығында кінәраты бар ерекше бала мен іші қарақұмыққа толы жастықтың басынан өткен оқиға көрініс табады. Қойылымда шынайы достық ұлтқа, дінге бөлінбейтіні суреттеледі.