«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Жуырда облыстық ішкі істер департаменті тәртіптік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда шілде айының басында орын алған сыбайлас жемқорлық әрекет, яғни Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкерлерінің мас күйде көлік жүргізген азаматтан әкімшілік хаттаманы толтырмауы үшін 100 мың теңге көлемінде ақша талап ету фактісі қаралды.

Отырыс қорытындысында тәртіптік кеңестің мүшелері ішкі істер департаменті басшылығына жол-патрульдік полициясының 3 қызметкерін қызметтен босатуды және барлық деңгейдегі басшыларға қатаң тәртіптік шаралар қолдануды ұсынды. Әкімшілік полициясы бөлімшесінің қызметіне жетекшілік еткен Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің

бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp