«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКПЕН ӘЙЕЛІН ТАСЫҒАН

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қызметтік көлігімен әйелін жұмысқа жеткізіп тастаған облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаевқа қатысты іс қаралды.

Оқиға 2024 жылдың желтоқсан айында болған. Мемлекеттік қызметші түс уақытында қызметтік көлікпен әйелін Оқушылар сарайына дейін жеткізіп салған. Мұны оның қоластындағы қызметкері байқап қалып, видеоға түсіріп алған, кейін мемлекеттік қызмет істері департаментіне жіберген.

«Келіп түскен өтініш негізінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, тексеру комиссиясы төрағасының қызметтік көлікпен зайыбын жұмысқа жеткізіп тастағандығы, осылайша Мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарын бұзғаны анықталды. Әдеп нормаларына жат әрекеттері үшін оған ескерту берілді», — деді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақыт Жамбылов.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp