Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласында көрсеткен қызмет көлемі 89,2 пайызды құрады.
Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарының орындалған қызмет көлемі 10,1 млрд. теңгені құрады. Оның 88,7 пайызы – бюджет есебінен, 7,2 пайызы – халықтан түскен қаражат есебінен, ал 4,1 пайызы кәсіпорындардан түскен қаражат есебінен орындалды.
Бюджет есебінен көрсетілген қызметтердің ең үлкен көлемі емдеу мекемелерінің қызметі есебінен қалыптасты, олар 95,7 пайыз қызмет көрсетті. Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар – 95,5 пайызды, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар – 90,7 пайызды, жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар үлесі – 89,5 пайызды, адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызмет көрсететін ұйымдар 67 пайызды құрады.
Ақылы қызметтердің ең үлкен үлес салмағы стоматологиялық кәсіпорындарға тиесілі. Бұл көрсеткіш – 73,3 пайыз.
Облыстық білім беру ұйымдары да осы уақыт аралығында нәтижелі жұмыс атқарды. Екінші тоқсанда көрсетілген қызметтерге тоқталар болсақ, мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтердің көлемі 96,7 пайыз болды.
2019 жылдың екінші жартыжылдығында білім беру қызметтерін 722 мекеме көрсетті. Облыстағы білім беру ұйымдары орындаған қызмет көлемі 19,4 млрд. теңгені құрады.
Білім беру саласында ақы төлеудің негізгі көзі – бюджет қаражаты. Ол жалпы қызмет көлемінің 95 пайызы. Халық қаражатынан төленген қызмет үлесі 4,3 пайызды, ал кәсіпорындар қаражаты 0,7 пайызды құрады.
Сурет http://www.matritca.kz сайтынан алынды.