Қазақстан Республикасындағы суды тарифтендірудің жаңа тетіктерін енгізудің кешенді жоспарына сәйкес “Қызылжар су” ЖШС-інде 2013 жылдың 1 желтоқсанынан 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі кезеңге суды магистральдық құбырлар мен таратушы желілер арқылы тасымалдау, ағынды суларды кері бұру мен тазарту бойынша реттелетін қызметіне шекті тариф деңгейі бекітілді.
2014 жылы “Қызылжар су” ЖШС-і алғаш рет жаңа тариф жағдайында жұмыс атқарды, бұл өз кезегінде кәсіпорынның алдында тұрған аса өткір мәселелерді жартылай шешуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда кәсіпорында 900-ден астам адам еңбек етеді. Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында жасалған ұжымдық шарт бойынша жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері және жұмыс берушінің жауапкершілігі мен міндеттемелері анағұрлым күшейтілген.
Жоспарымыздың сәтті іске асуы мен алға сенімді қадам басуы үшін қойылған тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі қажет. Кадрлар біліктілігін арттыру және оларды қайта оқыту бойынша жұмыс жаңғыртылды. Соған сай қызметкерлерді оқыту бағдарламасы әзірленуде. Кәсіпорынның 18 қызметкері Тараздың мемлекеттік мелиоративтік университетінде және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де жоғары білім алып, су шаруашылығы ісінің дипломды мамандары атанды.
2014 жылы 420 млн. теңгенің қаражатына желілердің апаттық учаскелерін жаңғырту жұмысы атқарылды, соның ішінде жоспарланған 11,4 шақырымның орнына – 17,5 шақырым су құбыры, 3,2 шақырымның орнына 4,1 шақырым кәріз құбыры жөнделді. Жаз маусымы кезеңінде су құбыры мен кәріз желілері құрылғыларында жоспарлы-ескертпелік және алдын алу жұмыстары атқарылды. Барлығы 257 құдық жөнделіп, 482 құдық ауыстырылды, 40 шақырым ішкі аулалық кәріз желілері тазартылды. Кәріз станцияларының барлығында желдеткіштер мен қауіпсіздік жүйелеріне толық жөндеу жұмысы жүргізілді, 49 көтерме станцияның сорғылары мен электр күш-қуаты құрылғылары жаңғыртылды.
2014 жылға жоспарланған инвестициялық іс-шара толық көлемде 372 млн. теңгеге орындалды, сонымен бірге қуат үнемдегіш технологияларды енгізуден түскен шығынды азайтудың есебінен жаңартуға және қайта жаңғыртуға 100 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Еліміздің қазіргі “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жаңа Экономикалық Саясаты ТКШ инфрақұрылымдарын, соның ішінде су құбырын және жылумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп отыр. “Қызылжар су” ЖШС-і уақытпен бірге қадам басып, мерзімі 5 жылдан астам уақытқа ұзақмерзімді шекті тарифтік кезеңге инвестициялық бағдарлама шараларын іске асыру үшін Еуропалық қайта жаңарту және Даму банкінен 13 жыл мерзімге жалпы құны 2 млрд. теңгенің несиесін алуды көздеуде.
Кәсіпорын қаржы-экономикалық көрсеткіштері бойынша меншік иелері субъектілерін экономикалық саралау және салық пен бюджетке міндетті төлемдерін төлеуі туралы ақпаратқа негізделген Астана қаласының рейтингтік мекемесінің ұлттық бизнесті стратегиялық саралауының нәтижелері бойынша оң жетістіктерге қол жеткізіп отыр. “Қызылжар су” ЖШС-і екі аталым бойынша көшбасшы атанды.
Кәсіпорын дамуының басты стратегиялық мақсаты сумен жабдықтау және ағынды суларды кері бұру жөніндегі қызмет көрсету деңгейін жақсарту, тұрғындар тұрмысының сапасын арттыру, 2020 жылға қарай қала тұрғындарын ауызсумен тоқтаусыз қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады.
Надежда КОВАЛЕНКО,
“Қызылжар су” ЖШС-нің баспасөз хатшысы.