«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылағаштағы қызу еңбек

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары халқы үдере көшіп, жұрты ғана қалған Қызылағаш ауылы қайта көтерілетін сияқты. Жас кәсіпкер Нұрлан Жүкебаев Ленинград – Айсары тасжолынан жеті шақырым қашықтықта орналасқан бұрынғы ауылдың аумағында шаруа қожалығын ашып, мал өсірумен айналысуда.

– Бұл жердің табиғаты әсем, жері шұрайлы, мал өсіруге өте қолайлы, – дейді кәсіпкердің өзі. – Қазір малшыларға үй салып жатырмыз. Иелігімде 1300 гектар жер бар. Ойымыз – жайылымдық жерді қоршап алу. Жігіттер жер аумағын айналдыра бағандар орнатуда. Кейін шырмауық және “электрбақташы” сымдарын тартамыз. Қазір шаруашылықта жылқы мен қой болса, алдағы уақытта ірі қара да ұстамақпыз. Діттеген ойымыз мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асуда.

Шаруашылық басшысы малшылар үйінің құрылысын бітірген соң монша салуға кіріспек. Суық түскенше тындыратын бұдан басқа да жұмыстар аз емес.

Қазір “Өміртас” шаруа қожалығында 10 адам жұмыс істейді. Жас кәсіпкер алдағы уақытта өз ісін кеңейте отырып, тағы бірнеше адамға жұмыс тауып бермек.

Болат ӘМРИН.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp