«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРДА БАС ҚОСТЫ

Коньки тебуден ел құрамасы оқу-жаттығу жиын­да­рын алғаш рет Петропавл қаласында өткізуде. Елор­дадағы мұз айдынында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, спортшылар солтүстіктегі Спорт сарайына ат басын бұрған.

Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген спорт­шылар ұлттық құраманың бас бапкері, жерле­сіміз Дмитрий Бабенконың жетекшілігімен жаттығу­да. Бапкердің айтуынша, конькишілер облыс орталы­ғында бір аптадан бері жаттығуда. Коронавирусқа байланысты енгізілген карантинге қарамастан, рес­пуб­ликалық және халықаралық сайыстар жоспар бо­йынша өтеді деп күтілуде. Биылғы жылдың алғашқы жарысы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ұйым­дастырылмақ. Аталмыш додада үздіктер қатарынан көрінген отандастарымыз әлем кубогының кезеңде­рінде және әлем чемпионатында ел намысын қор­ғайтын болады.

Қазір ұлттық құраманың сапында 13 конькийші бар. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған спортшылардың басым бөлігі Петропавл қаласына алғаш рет келіп отырғанын атап айтқан жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp