«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР АЛҒА ШЫҚТЫ

Түнде бозқырау тұрып, шық түскенімен, осы қыркүйек айының соңғы күндері егіншілерге қолайсыз емес. Ауа райының ашық кезін пайдаланып қалуға ұмтылған диқан қауымы орақ жұмыстарын барынша жоғары қарқында жүргізуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің берген жедел деректеріне сәйкес кешегі күнге дейін облыс бойынша 2600,9 мың гектардың немесе барлық егін алқабының 79,4 пайызы орылып, оның 2300,5 мың гектары бастырылды. Сөйтіп, астық бастырудың 70,3 пайызға орындалуы егін дестелеу мен оны жинаудың арасы жақындай түскенін байқатады. Ол бүгінде астықты тікелей ору жұмыстары қарқын алып отыр деген сөз. Жаңа орақтың жиналған астығы 3379,7 мың тоннаны құрайды, гектар басынан 14,7 центнерден өнім алынуда.

Дәнді дақылдар оруда 88,7 пайыз алқаптың астығын жинаған Қызылжар ауданы алға шықты, көш басындағылар қатарында Жамбыл (86,2 пайыз) және М.Жұмабаев (81,8 пайыз) аудандары бар. Ал, Мамлют және Шал ақын аудандарында бұл көрсеткіш сәйкес түрде 71,7 және 73,8 пайызды құрайды. Сол сияқты астық бастыруда да 79,9 пайыздық көрсеткішпен қызылжарлық диқандар өзгелерден озық көрініп отыр, оларды өкшелеп қалған Уәлихановтың егіншілері 78,0 пайыз алқаптың астығын жинады.

Соңғы күндері майлы дақылдар жинау қарқыны арта түсті. Бүгіндері 323,6 мың гектардың немесе барлық майлы дақылдар алқабының 54,2 пайызы орылды. Оның 97,0 мың гектары бастырылып, әзірге гектарынан 11,7 центнерден өнім жиналуда. Сонымен бірге 25,7 мың гектардың картобы және 4,8 мың гектардың көкөністері жиналды, олардың танап шығымдылығы сәйкес түрде 184,4 және 256,1 центнерден айналуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp