
1-3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жас барыс — 2019» республикалық турнирі өтті. Бұл сайыста өңір намысын қорғаған солтүстікқазақстандықтар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көріне білді.
Елордадағы «Бастау» спорт кешенінде өткен сайыста еліміздің барлық өңірінен келген жасөспірімдер және жастар сынға түсті. Сайыс бағдарламасына сәйкес, 1999-2001 жылы туғандар 10, 2002-2003 жылы туғандар 9, ал 2004-2005 жылы туғандар 10 килограм салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады.
Республикалық турнирде Дәурен Еслямов, Асылхан Болатов және Төлеген Жетпісбаев сияқты тәжірибелі бапкерлердің шәкірттері сәтті өнер көрсетіп, мерейімізді асырды. Атап айтқанда, Дмитрий Динер І орынның (42 кг.) биігінен көріне білсе, Аян Төсекбай (60 кг.), Жігер Еркінұлы (65 кг.), Әділ Қайыров (100 кг.) және Радион Исхожин (82+ кг.) үздік үштікті түйіндеді.