«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРҒА “РЕВИЗОР” КЕЛЕДІ…

Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі театр режиссері әрі драматургі Барзу Абдуразаков жаңа қойылымды сахналау үшін облысымызға келді. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаевтың арнайы шақыруымен келген режиссер қызылжарлықтарға Н.Гогольдің “Ревизор” комедиясын ұсынбақшы.

Барзу Абдуразаков елуден астам қойылым сахналап, бірнеше пьеса жазды. Оның спектакльдері Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің белді театр сахналарында қойылуда. Театр директоры Біржан Жалғасбаевтың айтуынша, әлемдік деңгейдегі театр ұжымдарымен бірге қызмет еткен режиссерді шақырудағы мақсат – жаңа қойылым сахналау ғана емес. Театр ұжымының көздегені – актерлерге шеберлік сыныптарын өткізу әрі тәжірибе алмасу.

Спектакльдің премьералық көрсетілімі келер айға жоспарланған.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp