«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАР” КӨШ БАСТАДЫ

 

Бірінші лига командалары арасында өтіп жатқан біріншіліктің 23-ші турында жергілікті “Қызылжар” футбол клубы сырт алаңда Ақтау қаласының “Каспий” клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, 51 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. 

Біріншіліктің аяқталуына үш ойын қалды. Премьер лигаға қайтадан өту үшін жерлестерімізге әр ойында жеңіске жетуге тырысу керек. Бұл жолы да алғашқы минуттан басымдық танытуға тырысты. Қарсыластың қақпасына ұйымдастырылған шабуылдар көпке созылмай өз жемісін берді. Алдымен Виктор Гурченко 10 минутта есеп ашса, Максим Драченко 22 минутта әріптесі Шота Григалашвилидің бұрыштамадан әуелетіп тепкен добын ақтаулықтардың қақпасында тулатты. 

Ойынның екінші кезеңінде алаң иелері қызылжарлықтардың қақпасына жасаған өткір шабуылдарын аяғына дейін жеткізе алмады. Дегенмен, екінші таймда гол соғылған жоқ.
23-ші турдың қорытындысына сәйкес қоржынында 50 ұпайы бар “Каспи” екінші орынға сырғыса, “Алтай” клубы 48 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде. Биылғы маусымда мергендігімен көзге түскен Максим Драченко Бірінші лиганың үздік шабуылшылардың қатарынан көріне білуде. Маусым басталғалы клуб өкілі 12 рет мергендік танытқан. Ал Шота Григалашвили үздік ассистенттердің бірі атанды. Оның еншісінде 14 голдық пас бар.
Енді жерлестеріміз 20 қазан күні өз алаңында “Алтай” клубын қабылдайды. Жерлестеріміз бұл кездесуде жеңіске жеткен жағдайда, Премьер лигаға уақытынан бұрын шығуы мүмкін.

 

Сурет http://vestikavkaza.ru сайтынан алынды.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp