«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде оқушылар қалай оқиды

Тәуекелі жоғары аймақтарда орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

«Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Мектепалды даярлық, 1-5 сынып (халықаралық мектептерде 1-7 сынып) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта бала санын 25-тен асырмау қажет. Бітіруші 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде аралас форматта оқиды. Сыныпта бала санын 15-тен асырмау қажет», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Еске сала кетсек, бұған дейін төртінші тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақта болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшетінін жазған болатынбыз.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp