Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары Айнұр Жәмішева мен Галина Клоповадан хат келді. Хатта олар үйлері мен мүліктерін өрттен құтқарып қалғаны үшін №13 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілеріне ризашылықтарын білдірген.
Бұл оқиға үстіміздегі жылы қазанның 12-сінен 13-іне қараған түні Бескөл ауылындағы Строительная көшесінде орналасқан қараусыз қалған екіқабатты коттеджде орын алған. Үйдің шатыры толығымен жанып, оттың көрші тұрған тұрғын үй құрылыстарына ауысу қаупі төнген. Оқиға орнына жедел жеткен №13 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілері қызыл жалынды екі сағатта толық сөндірді.
Хатта: “Өртсөндірушілер оттың біздің үйлерімізге таралуына жол бермеді. Құтқарушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оларға мықты денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тілейміз”, – деп жазылған.
Наталья ПОПОВА,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
бас маманы.