«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛ-ЖАР СК” ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

“Қызыл-Жар СК” құрама командасы бірінші лигадағы кезекті кездесуінде “Екібастұз” командасын 2:0 есебімен ұтты.

Кездесудің сегізінші минутында шабуылшы Серік Досманбетов есеп ашты. Сөйтіп, бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Екінші тайм басталысымен қонақтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Дегенмен, алаң иелері қарымта шабуылдармен жауап қайтарып, ойынның 83-ші минутында Олександр Згура есепті еселей түсті. Осы есеп кездесу соңына дейін өзгерген жоқ.

Бұл жеңістен кейін жерлес команда турнир кестесінде 36 ұпаймен сегізінші орыннан 7-ші орынға көтерілді. 

Осымен үшінші ойын қатарынан қақпасына доп дарытпай келген футболшылардың келесі кездесуі қазанның 4-і күні сағат 15.00-де өтеді. Онда жергілікті команда турнирдің көшбасшысы – “Оқжетпесті” қабылдайды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp