«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫНА 1,5 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары кішкентай қызы үшін төлейтін алимент бойынша қарызы 1,5 млн.теңгеге жеткен петропавлдық тұрғынды іздеп тауып алды.   

Заңнама бойынша осылай қарызын төлемей, қашып жүргендер полицияның ескертуінен кейін тағы да тығылатын болса, қылмыстық іс қозғалып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер  үшкүндік акция  барысында іздеуде жүрген 133 адамның 27-сінің  тұрып жатқан жерін анықтады. Олардың 23-і борышкер болып шықты, қалған төртеуіне туыстары іздеу жариялаған екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp